14 желтоқсаннан бастап Алматыдан Ташкентке Тальго пойызы қатынайды. Билет бағасы қанша

Жаңалықтар

Пойыз күнделікті жүреді. Билетті қазірдің өзінде сатып алуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 14 желтоқсаннан бастап "Алматы – Ташкент" халықаралық бағыты бойынша Тальго пойызын іске қосады. Ол күн сайын 400-ден астам жолаушыны тасымалдай алады.

Tickets.kz платформасындағы ақпаратқа сәйкес, билет бағасы 10 мың теңгеден басталады:

  • отыруға арналған орын: 10 167 теңге;
  • купе: 20 711 теңге;
  • люкс: 30 772 теңге.

Пойыз жоғары жайлылық деңгейіне ие Тальго вагондарынан құралады.

"Күн сайынғы қатынастың енгізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді. Алдағы қысқы маусымға орай бірқатар бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне қосымша өзгерістер енгізілуі жоспарлануда", – делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз:

  • Қазақстанда пойыздарға билет енді жас ерекшелігіне қарай сатылуы мүмкін бе?
  • Енді пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеуге міндеттеледі