Көктайғақ, нөсер жауын: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде күн райы бұзылып, көктайғақ пен нөсер жауын болатынын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстансоққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада 11 қарашада көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және танертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде Атырау облысының батысында, шығысында нөсер жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз