Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барып, Путинмен кездеседі

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз