Алматыдағы "Перзент" балалар үйіндегі өрт: тәрбиеленушілер уақытша санаторийге орналастырылды

Жаңалықтар

Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде болған өрт кезінде мекемеде 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер болған. Барлығы дер кезінде эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазір балалар уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылған. Онда олар барлық қажетті көмекпен және қолдаумен қамтылған.

Тәрбиеленушілерге тамақ беріліп, киім-кешек, азық-түлік және жеке гигиена құралдары жеткізілді. Сонымен қатар, балаларға тәттілер таратылған.

Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық қызметі, сондай-ақ Отбасыны және Балаларды қолдау орталықтарының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Жағдай толық бақылауда, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.