Саясат Нұрбек Вашингтонда тұсаукесер рәсімін өткізді (фото)

Жаңалықтар

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Вашингтон қаласында халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ляззат Әділованың ұлының тұсауын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ляззат Әділова ұлының тұсаукесерінде түсірілген фотоларды Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Саясат Нұрбек балапанымыздың өмір жолы білім мен ғылымның жарық нұрымен ашылсын деп ақ батасын берді. Бұл біздің отбасы үшін үлкен қуаныш", — деп алғысын айтты халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры. Оған қоса Әділова болашақта ұлының Саясат Нұрбек секілді білімді, парасатты, тіл білетін, елге адал қызмет ететін азамат болып өскенін қалайтынын жеткізді.

"Саясат Нұрбек еліміздің жоғары білім және ғылым жүйесіне жаңа серпін беріп, халықаралық әріптестікті күшейтіп, Қазақстанды аймақтық ғылыми хабқа айналдыру бағытында ауқымды жұмыс атқарып келе жатқан мемлекет қайраткері. Зияткер ұрпақ тәрбиелеуге, инновация мен зерттеулерді дамытуға, жаңа университеттер мен ғылыми орталықтарды қолдауға қосқан еңбегі зор. Осы себепті ұлымыздың дәл сол кісінің қолынан тұсауының кесілуі біз үшін жақсылықтың, игі бастаманың белгісі деп қабылдаймыз", — деп жазды Ляззат Әділова.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз