«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Атлант мұхитының циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ және төменгі бұрқасынмен бірге желдің күшеюі болжанады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыс өңірлерде +5…+15°С, солтүстік-батыста 0…+10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3…+2°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5…+15°С шамасында болады», – делінген синоптиктер болжамында.