2025 жылғы 5 қарашада Димаш Құдайберен Испанияға келді. Үш күннен кейін, 8 қарашада әнші Olimpic Arena Badalona стадионында "Stranger" атты жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әншіні әуежайда қарсы алу үшін түрлі елдерден – Испания, Чили, Мексика, Аргентина, Эквадор және Бразилиядан келген жанкүйерлер жиналды. Фанаттар плакаттармен, жалаулармен және сыйлықтармен "Оле, оле-оле-оле, Димаш" деп айқайлап, кездесу сәтінде тікелей эфирлер жүргізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от DimashNews (@dimash.news)
Жиналғандар арасында Чилилік әнші Пабло Ромеро да болды. Ол "My Name Is" телешоуының жартылай финалисі, онда ол Димаш Құдайбергеннің репертуарынан әндер орындаған болатын.
Фанаттар әншіге өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын – портреттер мен тоқылған суреттерді сыйлаған. Димаш қарсы алушыларға қол бұлғап, сәлемдесті.
Әншінің жанкүйерлермен келесі кездесуі 8 қарашада – Барселонадағы Stranger концертінде өтеді.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасында Қазақстан атынан кім өнер көрсететіндігін жазғанбыз.