Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге жүгініп, мәлімдеме жасады

Жаңалықтар

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 4 қарашада сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство аталған уақыт аралығында ақпараттық жүйе жұмыс істемейтінін ескертті.

"ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 4 қарашада сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда салық өтініші жаңа жүйе арқылы тапсырылатыны хабарланған.