"Сені ұзақ күттік": әнші Ayree екінші сәбиін дүниеге әкелді

Жаңалықтар

Көпшілікке Ayree лақап атымен танылған Әйгерім Рақыш екінші сәбиін дүниеге әкелді. Отбасындағы қуанышты жаңалықты әнші желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір! Қош келдің, қызым! Әкең екеуміз сені ұзақ күттік. Ғұмырлы, бақытты бол", — деп жазған әнші Instagram-дағы stories-та.

Айта кетелік, былтыр Ayree Нұркен Қасымов есімді танымал клипмейкермен отбасын құрған еді. Әнші сүйіктісінің үйленуге ұсыныс жасаған, неке қию сәттерінен әсерлі фотоларды желіде жариялаған болатын.

Сондай-ақ ол танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұқбатында 18 жасында тұрмысқа шыққанын, алайда некесіз сәтсіз болып, бір жылдан кейін айырылысып кеткендерін айтқан еді. Әнші бірінші некесінен бір ұлы бар.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз