Париж прокуроры Лора Бекко Луврды ұйымдасқан қылмыстық топтың кәсіби мүшелері емес, ұсақ қылмыскерлер тонап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Лора Бекконың айтуынша, бұл әдеттегі қылмыс түрі емес, бірақ қылмыстың бұл түрі жоғары деңгейдегі ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы жоқ.
“Төрт күдіктінің де, соның ішінде олардың бірінің сүйіктісінің де, ұйымдасқан қылмыстық топтардың күрделі операциялар жүргізе алатын кәсіби мүшелеріне тән белгілері жоқ”, – деді прокурор.
Ол күдіктілердің жергілікті тұрғындар екеніне сенімді. Ол ұрылар Париждің солтүстігінде орналасқан, табыс деңгейі төмен Сена-Сен-Дени ауданынан деген болжам жасады.