Күмәнді акцияларға алданып қалмаңыздар: Қазақстанда беларусь блогері ұйымдастырған конкурс бақылауға алынды

Жаңалықтар

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында онлайн-казино қызметі мен жарнамасына тыйым салынғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің жазуынша, соңғы уақытта Mellstroy game онлайн-казиносы атап өтілетін беларусь блогері Mellstroy ұйымдастырған конкурсқа қазақстандықтардың қызығушылығы артып келеді.

"Кей азаматтар блогердің назарын аудару үшін теріс әрекеттерге де барады.Құрметті қазақстандықтар, ескертеміз — құмар ойындары – тұзақ. Күмәнді акцияларға алданып қалмаңыздар және онлайн-казино жарнамалағаны үшін айыппұл салынатынын ұмытпаңыздар!",- деп ескертті ведомство.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болғанын жазғанбыз.