"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады

Жаңалықтар

" ҚазАвтоЖол " ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысында болы ықтимал тұмағна байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қараша күні түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Сонымен қатар Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.