Жасөспірімдер арасындағы Азиада: қазақстандық екі дзюдошы алтын медаль алды

Жаңалықтар

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында қазақстандық дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева алтын медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Е.Бекәлі 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ауған спортшысы Башир Кадириден басым түсті.

Ал Ф.Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Милена Боруболотовамен кездесіп, иппон әдісімен таза жеңіске жетті.