Шерзат Полаттың ісіне судьяның қашан тағайындалатыны белгілі болды

Жаңалықтар

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Сот ісін қарайтын судья да тағайындалатын күн жақын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Санжар Әділов сөзінше, негізгі сот процесінің қашан басталатынын нақты айту мүмкін емес. Бірақ, ол Талғар қаласындағы қоғамды дүр сілкіндірген 16 жастағы "Шерзат ісі" бойынша материалдар көп ұзамай сотқа жіберілетінін мәлімдеді.

– Шерзаттың ісі қазір прокуратурада қаралып жатыр. Алдағы күндері, осы аптада сотқа жіберіледі деп күтеміз. Бұл – соттың прерогативасы. Сот ісін қарайтын судья тағайындалады. Кейінірек бұл мәселеге қатысты соттың өзі түсініктеме бергені дұрыс деп есептеймін, – деді ол.

Ішкі істер министрінің орынбасары өз кезегінде Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша да тергеу жүргізіліп жатқанын айтып, ол істе ешкім күдікті ретінде танылмағанын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат ісі бойынша тергеудің аяқталғаны хабарланған еді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.