Джиу-джитсу: Абдулла Батырбек жасөспірімдер Азиадасының финалына шықты

Жаңалықтар

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсудан жарыстар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Абдулла Батырбек 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

Жартылай финалда ол тәжікстандық Абдурахмон Саидбековтен басым түсті.