"Күн райы құбылмалы болады". Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ағымдағы айдың соңына дейінгі ауа райының алдын ала болжамын ұсынды. Мамандар демалыс күндері жылы және күн райы жауын-шашынсыз болатынын айтады. Бірақ, арғы күндері жаңбыр мен қатты жел болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптики отметили, что последние дни месяца – 30 и 31 октября – пройдут в ритме размеренной осени. В городе снова установится переменная облачность, без дождей, с лёгким восточным ветром и комфортной температурой: днём около +16+18°C, ночью +5+7°C.

Прогноз погоды по Алматы на 25 – 31 октября 2025 года:

25 октября: переменная облачность, без осадков. Ветер юго-восточный 3-8 м/с. Температура воздуха ночью +7+9°C, днём +20+22°C.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, қазан айының соңында ау райы Алматыда күзге тән мінез танытып, құбылмалы болады.

"Қалада 25-27 қазан аралығында ауа райы жылы болады. Аспанда көшпелі бұлттар байқалады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағаны +20...+22°C, ал түнде +7...+9°C жылыны көрсетеді, алайда 28 және 29 қазанда табиғат қарашаның жақындағанын еске салады: аздап жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 13 м/с дейін. Температура да сәл төмендейді – күндіз: +16...+18°C, түнде: +6...+8°C". Жетекші инженер-синоптик Гүлтаңсық Медеуова

Синоптиктер айдың соңғы күндері – 30 және 31 қазанда күз өз мезгіліне сай мінез танытады. Қала көгінде көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр болмайды, ақырын шығыстан жел соғады, ал ауа температурасы қалыпты әрі қолайлы болады: күндіз +16...+18°C, түнде: +5...+7°C.

Алматы қаласы бойынша 2025 жылғы 25-31 қазанға арналғанауа райы болжамы:

  • 25 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +20...+22°C.
  • 26 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +20...+22°C.
  • 27 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +18...+20°C.
  • 28 қазан: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +16...+18°C.
  • 29 қазан: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +15...+17°C.
  • 30-31 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C, күндіз: +16...+18°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда Республика күнінде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.