Алматыда 19 қазанда өткен беделді ATP 250 Almaty Open теннис турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік теннисші Даниил Медведев жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің екінші ракеткасы болып тіркелген Медведев финалда франциялық Корентен Мутені (ATP рейтингінде №41) үш сет жеңді. Есеп- 7:5, 4:6, 6:3.
Бұл Медведевтің кейінгі бір жарым жылдағы хард корттағы алғашқы финалы болды. Бұған дейін ол 2024 жылдың көктемінде АҚШ-та өткен Indian Wells Masters турнирінде шешуші матчқа дейін жетіп, испаниялық Карлос Алькарасқа жол берген еді.
Айта кетейік, Алматыдағы турнирдің басты трофейі екінші жыл қатарынан ресейлік спортшылардың қанжығасында.
Былтыр бұл додада Карен Хачанов жеңіске жеткен болатын, алайда биыл ол жарыстың екінші айналымынан әрі аса алмады.