0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Премьер-министр Олжас Бектенов Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өңірлік өкілі Виорел Гуцумен агро сала мен су ресурстарын дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан халықаралық ұйыммен бірлесіп 55 жобаны іске асырып жатыр. Олжас Бектенов үш жылда агро салада құны 4,8 млрд доллар болатын 600-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асатынын айтты.
FAO Қазақстанның ауыл шаруашылығын цифрландыру және экспорттық әлеуетін арттыру бастамаларын қолдау білдірді. Тараптар Каспий теңізінің экологиялық мәселесін шешу халықаралық басымдық ретінде белгіленді.
Шерхан Жамбылұлы