Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Рыбакина ширек финалда аустралиялық Айла Томляновичпен (WTA рейтингінде №104) кездесіп, 57 минутқа созылған матчта қарсыласын ойсырата жеңді.
Кездесу нәтижесі – 6:2, 6:0.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от WTA (@wta)
Бұл жеңіс Еленаға турнир финалына бір қадам жақындауға мүмкіндік берді. Ол келесі айналымда италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.
Паолини (турнирдің екінші ракеткасы) өз кезегінде ширек финалда швейцариялық Белинда Бенчичті 5:7, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан.
Маңызды матч 18 қазан күні өтеді. Бұл ойында жеңіске жеткен спортшы маусым қорытындысы бойынша өтетін жылдың шешуші турниріне қатысу мүмкіндігін арттырады.