АҚШ-та заңсыз мигранттарға арналған қосымша іске қосылды

Жаңалықтар

АҚШ-тың кеден және шекара қызметі мигранттарға арналған CBP Home қосымшасын іске қосты.

Елде заңсыз жүрген шетелдіктер платформада өз еркімен отанына қайтқысы келетінін хабарлау керек, деп жазады inbusiness.kz сайты Америка дауысына сілтеме жасап.

Сонда оларға қатаң жаза қолданылмайды. Тіпті кейін Америкаға заңды түрле оралуына рұқсат берілуі мүмкін. Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейін АҚШ-та заңсыз көші-қонмен күрес күшейді. Сөйтіп, мыңдаған адам отанына күштеп депортацияланды.