Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры сайланды

Жаңалықтар

Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры сайланды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан хоккей федерациясының кезектен тыс Республикалық конференциясының шешімімен Азамат Серікұлы Айтхожин бас директор қызметіне сайланған.

"Азамат Серікұлының спорт саласындағы көпжылдық тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігі Қазақстандағы шайбалы хоккейдің одан әрі дамуына және танымал болуына ықпал етпек", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз