Экс-министр Нұрлан Байбазаров жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар

Бұрын Қазақстанның ұлттық экономика министрі болған Нұрлан Байбазаров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

1997-2003 жылдары Қаржы министрлігінде жұмыс істеген.

2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарған.

2013 жылдан 2016 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарған.

Бұдан бөлек, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жұмыс істеген.

2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы, 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасы, кейін "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы болған.

2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалып, сол жылдың 21 желтоқсанында қызметінен босатылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз