Мысырда қаза тапқан катарлық дипломаттар туралы мәліметтер жарияланды

Жаңалықтар

Мысырда жол апатынан қаза тапқан Катар дипломаттары туралы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, жол апатынан қаза тапқан үш катарлық дипломат Шарм-эш-Шейх қаласына Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі саммитке бара жатқан. Олар Катар делегациясының протоколдық тобының мүшелері болған. Агенттіктің хабарлауынша, олардың көлігі Мысыр қаласынан шамамен 50 шақырым жерде аударылған.

Кейін Каирдегі Катар елшілігі қаза болғандардың есімдерін жариялады: Сауд бен Тамер Әл Тани, Абдулла Ганем Әл-Хиярин және Хасан Джабер Әл-Джабер.

Сонымен қатар тағы екі адамның қаза тапқаны хабарланды — Абдулла Исса Әл-Кувари және Мохаммед Абдулазиз.

Дүйсенбі күні Шарм-эш-Шейх қаласында Газа секторындағы соғысты тоқтату тақырыбына арналған саммит өтеді. Оған Катарды қоса алғанда, 20-дан астам елдің көшбасшылары қатысады. Қатысушылардың кеңейтілген тізіміне Испания, Жапония, Армения, Венгрия, Үндістан, Кипр, Грекия, Бахрейн, Кувейт, Канада және Иран енген.

Айта кетейік, 11 қазанда Калифорнияда өткен «Автомобильдер мен тікұшақтар» фестивалінде тікұшақ апатқа ұшырап, жарақат алғандар бар екені хабарланды.