Теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімі қысқа дейін ұзартылды

Жаңалықтар

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға болады.

Теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімі қысқа дейін ұзарды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".

Жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жеті бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Билеттер саны шектеулі, делінген хабарламада.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  • № 9/10 "Астана – Алматы", вагон түрі: отыратын, жеңілдік: 40% — пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;
  • № 65/66 "Астана – Жезқазған", вагон түрі: туристік, купелік орындарға 25% жеңілдік;
  • № 67/68 "Астана – Өскемен", вагон түрі: туристік, жеңілдік: 30% — үстіңгі сөрелерге;
  • № 77/78 "Алматы – Маңғыстау", вагон түрі: купе, үстіңгі орындарға 25% жеңілдік;
  • № 351/352 "Алматы – Өскемен", вагон түрі: купе, жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;
  • № 691/692 "Атырау – Ақтөбе", вагон түрі: купе, үстіңгі орындарға 20% жеңілдік.

Күн сайын қатынайтын пойыз № 11/12 "Алматы – Шымкент", вагон түрі: туристік, купелік орындарға 25% жеңілдік.


Оқи отырыңыз: Енді пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеуге міндеттеледі