Алматыда Левитан көшесінің бір бөлігі бір күнге уақытша жабылады, деп хабарлайды Telegram-дағы AlmatyJoly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мессенджерде жарияланған мәлімет бойынша, 500 адам қабылдайтын емхананың құрылысы аясында сумен жабдықтау инженерлік желілерін орнатуға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 11 қазан сағат 06:00-ден 12 қазан сағат 23:00-ге дейін Левитан көшесінің Розыбакиев көшесінен Серкебаев даңғылына дейінгі бөлігі жабылып, көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"Жөндеу жүріп жатқан учаскеде жүргіншілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі және ескерту белгілері қойылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз