Еріктілер «Таза Қазақстан» шеңберінде жануарларға көмектесіп жүр

Жаңалықтар

Абай қаласының еріктілері экологиялық бастама аясында қағаз-картон

мен пластик бұйымдарды қайта өңдеуге тапсырып, түскен қаражатқа арнайы орталықтағы жануарларға қорек сатып алуда. Бұл шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Волонтёрлер қала көшелерінен жиналған қоқысты өңдеуге жіберіп, қаланың тазалығына үлес қосып қана қоймай, жануарларға қамқорлық көрсетіп жүр. Акция барысында 100-ге жуық оқушы мен студент бір күннің ішінде 300 келіден астам макулатура мен 17 келі пластик жинады.

Ержан Рахметов, ерікті:

- Акцияға қатысушылар қатарында мектеп оқушыларының көптігі қуантады. Бұл олардың экологиялық сауатын арттыруға көмек. Осында келіп қоқысты қайта өңдеуге болатынын біліп жатыр олар. Бүгін өткізген қоқыстың ақшасына иттерге арналған 2 қап құрғақ тамақ сатып алдық.