Түркістан облысының Сайрам ауданына жаңа әкім сайланды

Жаңалықтар

Түркістан облысында халықтың тікелей дауыс беруі арқылы Сайрам ауданының жаңа әкімі сайланды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, сайлау қорытындысы бойынша, сайлаушылардың басым көпшілігі Мадияр Мұхтарұлы Оразалиевқа дауыс беріп, нәтижесінде ол Сайрам ауданының әкімі болып сайланған.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аудан активімен өткен кездесуде жаңа әкімді таныстырып, мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес атқарылатын негізгі жұмыс бағыттарын атап өткен.

Мадияр Мұхтарұлы 1986 жылы Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген.

2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "инженер-технолог", 2010 жылы "құқықтану" мамандықтары бойынша, 2012 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ды "қаржы" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы газ саласынан бастаған. 2009-2016 жылдары "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-да түрлі басшылық лауазымдар атқарған.

2016-2025 жылдар аралығында Сайрам және Қазығұрт аудандарында әкімнің орынбасары болып қызмет еткен.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз