Алматы облысы жылыту маусымына толық дайын екенін мәлімдеген облыс әкімдігі өңірдегі аудандар мен қалаларда жылу беру кезең-кезеңімен 15 қазанға дейін жүзеге асырылатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әкімдік мәліметінше, өңірдің бірнеше ауданында жылу беру жұмыстары басталды. Облыстағы халықты отынмен қамтамасыз ету үшін 696 мың тонна көмір қарастырылған. Бүгінгі таңда өңірге 187 мың тонна (2 710 вагон) көмір жеткізілді, дейді әкімдік өкілдері.
Ауа райы жағдайларына байланысты жылыту маусымы мына аудандарда басталды:
- Кеген ауданында – 24 қыркүйектен бастап;
- Жамбыл ауданында – 1 қазаннан бастап;
- Талғар, Іле аудандарында және Қонаев қаласында – 6 қазаннан бастап.
"Қалған аудандар мен қалаларда жылу беру кезең-кезеңімен 15 қазанға дейін жүзеге асырылады", — делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда биыл жылыту маусымы ертерек басталатынын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз