Алматыда биыл жылыту маусымы ертерек басталады, деп хабарлайды қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданған.
8 қазаннан бастап қалада орталық жылыту жүйесіне қосылу жұмыстары басталады.
Жылу ең алдымен балабақша, мектеп және медициналық мекеме сынды әлеуметтік нысандарға беріледі.
Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазанда басталады.
Жылу берілген соң ПИК пен МИБ мамандары үйдің ішкі жылыту жүйесін ретке келтіреді. Радиаторлар мен тікқұбырдан ауа шығарылып, қысым реттеліп, пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.
"АлЖЖ" компаниясы айналым режимді іске қосқан. Бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жылуды жедел беруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қысқы кезеңге толық дайын. Ықтимал ақауларға жедел ретке келтіру үшін материалдар мен жабдықтардың апаттық қоры жасақталған. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы, барлығы 220 маман мен 56 техника бірлігі тәулік бойы кезекшілік етеді", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз