Кеше түнде болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстан ТЖМ командалық орталығы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының ТЖД базасында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жедел желі ашылды:
- Қазақстан ТЖМ командалық орталығы — 8 7172-70 — 41 -18
- Түркістан облысы ТЖД — 8 7253 — 35 — 78 — 86
- Жамбыл облысы ТЖД — 8 7262 — 51 — 35 -75
- Шымкент қ. ТЖД — 8 7252 — 95 — 57 — 06.
ТЖМ командалық орталығының жедел штабында Қазақстан Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференц-байланыс жүргізілді. Өңірлердегі жағдай талқыланды.
Министрлік мәліметіне сенсек, ғимараттардың қирауы және зардап шеккендердің бар болуы туралы ақпарат келіп түспеген.
"ТЖМ мониторингті жалғастырып жатыр және өңірлермен тұрақты байланыста. Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз", — делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салсақ, дүйсенбі, 6 қазанға қараған түні Шымкентте және Түркістан облысы мен Жамбыл облысында жер сілкінген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз