Джеки Чан Алматыда: әлем жұлдызының Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Жаңалықтар

Әлемге әйгілі актёр Джеки Чан Алматыға келгенін растап, қазақстандық серіктестерімен фото жариялады. Өнер иесінің Қазақстанға келуінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джеки Чан Facebook парақшасында қазақстандықтармен фото жариялап, Қазақстанның оңтүстік астанасына жұмыс сапарымен келгенін растады.

"Алматыға локацияларды зерттеу үшін бардым. Salem Entertainment ұжымына асқан қонақжайлылық үшін алғыс айтамын", — деген жазба қалдырды актёр.

Қазақстандық медиакомпания Instagram-дағы парақшасында әйгілі Джеки Чанмен жұмыс кездесу өткенін хабарлады.

"Salem Entertainment қабырғасында әлемдік кинематография аңызы – актёр, сценарист, режиссёр және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті. Біз ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актёр біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады", — деп жазды компания өкілдері.

Жобаның басқа мәліметтері әзірге құпия болып отыр. Алайда компания өкілдері көрермендерді алда ғаламат жаңалықтар күтуде екенін жеткізді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз