Тоқаев Әзербайжанға барды (фото)

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Әзербайжанның Габала қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақорда ұсынған ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласында саммитке қатысады.

"Президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады", — делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 6-7 қазан күндері Әзербайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездесетіні хабарланған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжанға президент Ильхам Әлиев шақырған.

Сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Мемлекеттер басшылары бұл мәселені телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз