Тоқаев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтаған.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.

Айта кетелік, бұған дейін телефон арқылы әңгімелесу барысында Ли Чжэ Мёң мемлекет басшысын Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырған еді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз