Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді.
Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.
Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін "Астана Арена" стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап 5 аялдамадан басталады:
- "Астаналық цирк" автотұрағы;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
- "Қазақстан" спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
- Орталық саябақ автотұрағы;
- "Бас мешіт" алдындағы автотұрақ.
Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.