Павлодар облысы Ақсу қаласында екі балықшы отырған көлік суға батып кетті. Олардың денесі судан шығарылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылымның хабарлауынша, 17 қыркүйекте сағат 00:30-да "112" пультіне Ақсу қаласында орналасқан Белая өзенінде екі адамы бар "Нива" көлігі абайсызда суға түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан Ақсуға ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді. Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған ер адамдардың денесі судан шығарылды.
ТЖ департаменті су айдындарында әсіресе қараңғы түскен уақытта өте сақ болуды сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз