Алматыда 17 қыркүйектен бастап екі автобус бағыты біріктірілді

Жаңалықтар

Алматы көлік холдингінің баспасөз қызметі қала тұрғындарын 2025 жылғы 17 қыркүйектен бастап №21 және №111 бағыттарының біріктірілетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Енді жаңа №111 бағыты Станиславский көшесінен басталып, Қалдаяқов – Диваев көшелері арқылы "Көк-Төбе" шағын ауданына дейін қатынайды.

Көрнекілік үшін бағыт сызбасы да ұсынылған.

Мамандардың айтуынша, жұмыс күндері бағытта 5 автобус, демалыс күндері 4 автобус қатынайды. Қозғалыс аралығы – 16 минут.