Алматыдағы түтін: ТЖД тұрғындардан сабыр сақтауды сұрады

Жаңалықтар

Алматы тұрғындарына 16 қыркүйек күні түстен кейін қалада байқалған түтінге байланысты үндеу жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті алматылықтар және қала қонақтары! Алматы облысы аумағындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өртке байланысты қалада аздап түтін байқалып отыр", — делінген хабарламада.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдары жұмылдырылған: Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД-дан, 28237 әскери бөлімінен (Ұзынағаш ауылы), "Қазселқорғау"-дан, Алматы қаласы ТЖМ құтқару қызметінен, полиция мен жергілікті органдардан 150 адам және 70-тен аса техника тартылды.

"Жалынның жақын маңдағы аумақтарға тарау қаупі жоқ. Сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа назар аударуларыңызды сұраймыз", — деп мәлімдеді ТЖД.