Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қостанай облысына жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді.
Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты.
Кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында Қостанай облысын арнайы атап өткенін, биыл өңірге міндетте түрде жұмыс сапарымен баратынын жеткізді.
Президенттің айтуынша, Торғай өңіріне көңіл аудару керек.
"Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз