Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 қыркүйекте Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

"Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізу жоспарланған",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін президент Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдағанын жазғанбыз.