Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Отандасымыз ел қоржынына жетінші алтынды салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
90 келіден жоғары салмақта Қазақстан атынан шыққан Айбек Оралбай финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Джахонгир Зокировпен өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы екі раунд бойы жеңіліп келе жатып, үшінші раундта басымдық көрсетті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңісті еншіледі.
Отандасымыз ел қоржынына жетінші алтынды түсірді.
Осылайша, бокстан Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядағы әлем біріншілігін жеті алтын, бір күміс және екі қола медальмен аяқтады.
Бұған дейін Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальді жеңіп алды. Алуа Балқыбекова финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанды.
70 келіге дейін салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан мен 65 келіге дейін салмақта Қазақстан намысын қорғаған Аида Әбікеева да әлім біріншілігінің алтын жүлдесіне ие болды.
Cондай-ақ қазақстандық боксшы Наталья Богданова да финалда жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз