Әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы алтын медальді түсірді

Жаңалықтар

Отандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалдық жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Алдарқхишиг Баттулгамен (Моңғолия) қолғап түйістірді.

Отандасымыз жекпе-жектің бірінші кезеңінен бастап тізгінді қолына алды. Толық үш раунд бойы басымдық көрсеткен отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсіріп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз