ӘЧ финалы: қазақстандық боксшылардың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Жаңалықтар

Бүгін, 14 қыркүйек, Қазақстанның сегіз боксшысы Ливерпульде (Англия) әлем чемпионатының финал жекпе-жегін өткізеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, Қазақстанның 20 өкілінен турнирдің соңғы күніне 8 спортшы ғана қалды. Бүгін Ливерпульде алтын медаль үшін финал жекпе-жектер өтеді.

Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы жекпе-жектері: кесте

14 қыркүйек, күндізгі сессия, 16:00:

Назым Қызайбай – Үндістаннан Минанкимен, 48 кг.

Санжар Тәшкенбай – Моңғолиядан Алдархиши Баттулгамен, 50 кг.

Махмұд Сабырхан – Испаниядан Рафаель Лозано Серрано, 55 кг.

Төрехан Сабырхан – Жапониядан Севон Окадзава, 70 кг.

14 қыркүйек, кешкі сессия, 22:00:

Алуа Балқыбекова – Түркиядан Бусе Наз Чакыроглу, 51 кг.

Аида Әбікеева – Өзбекстаннан Навбахор Хамидова, 65 кг.

Наталья Богданова – Австралиядан Лакейши Перголити, 70 кг.

Айбек Оралбай – Өзбекстаннан Жахонгир Зокиров, +90 кг.

Финал жекпе-жектерін қайда және қашан көруге болады?

Қазақстандағы барлық әлем чемпионаты жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей көрсетіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget