2025 жылғы 13 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласында газ құбырына зақым келтірумен байланысты апат орын алды. Оқиға орнына Абай ауданының полиция қызметкерлері шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar басылымының жазуынша, 13 қыркүйек күні сағат 00:27-де апатты-диспетчерлік қызмет пультіне Абай даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында газ құбырының бүлінгені туралы хабарлама түскен.
"Апаттық бригада оқиға орнына жедел жетіп, Mercedes маркалы автокөліктің жоғары қысымды жер үсті газ құбырына соғылғанын анықтады. Мамандар дереу газдың таралуын тоқтатып, Қалдыаяқов көшесі бойындағы құдықтағы жапқышты жапты", – деп хабарлайды басылым.
Апат салдарынан мыңдаған абонент уақытша газсыз қалды
Бұған дейін Алматының төменгі бөлігінде ерлі-зайыпты жол апатына ұшырағанын жазғанбыз.