Әрқайсысының салмағы 23 тонна: СҚО-да құтқарушы үш вагонды жалғыз өзі сүйреді (видео)

Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушы әрқайсысының салмағы 23 тонна болатын үш вагонды жалғыз өзі сүйреді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, ТЖМ-нің құрдасы, СҚО ТЖД, Аққайың ауданы Смирново ауылының №9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Парсахан Алдияров айтулы датаға орай жеке рекордын орнатқан.

Ол теміржол бойымен салмағы 23 тоннадан тұратын үш вагонды жалғыз өзі сүйреген.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкері үнемі спортпен шұғылданады және құтқарушы өрт пен табиғи апаттарға қарсы тұру үшін, адамдарды қорғау және құтқару үшін жақсы физикалық формада болуы тиіс деп санайды.

Парсахан Алдияров әрбір адам таңдаған мамандығында үнемі шыңдалып отыруы керектігін, сонда ғана өз еңбегімен шын мәнінде мақтанып, көздеген мақсаттарына жете алатынын айтады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз