Қылмыстық кодекстегі бұл өзгеріс 16 қыркүйекте күшіне енеді.
Қапыда алаяқтардың сыбайласы болсаңыз, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бөтен адамға ақша шешіп берём деп, сан соғып қалмаңыз", – деп ескертеді мамандар.
– Үшінші бір тұлғалар "менің есепшот, банкілік картам бұғатталып немесе жұмыс істемей қалды, үйге ұмытып кеттім деген сылтаулардың негізінде азаматтарымызға жүгінуі мүмкін. Бұл ақша сомасын сіздерге тікелей қолма-қол бергеннен кейін басқа бір шотқа аударсаңыз немесе керісінше, бұл ретте өзіне пайдакүнемдік мақсатта ақша аударған болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Азаматтарымыз байқамай алаяқтық схеманың мүшесі болып табылуы мүмкін, – дейді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Бейбіт Біржанов.
16 қыркүйектен бастап дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Пайда табу мақсатында өзінің банк шоты немесе реквизитін үшінші тұлғаға бергендер назарға алынады. Әйткенмен, алаяқтардың сыбайласы болып тұрғанын білмей қалатындар да жеткілікті.
Жаңа ережеге сай заңсыз аударымға септескендерге 160 АЕК айыппұл салынуы мүмкін немесе дроппер 50 тәулікке дейін қамауға алынады.
Егер жәбірленушілер алаяқтық фактісімен полиция бөліміне жүгінсе, бірден антифрод жүйесіне алаяқтық фактісі тіркеліп, жәбірленушіден бастап, сол ақша кімге аударылғаннан бастап, анықталып, бүкіл шоттар бұғатталады.