Әнші Толқын Забирова отбасында болған қайғылы жағдай туралы айтты

Жаңалықтар

Толқын Забирова желідегі парақшасында жақында отбасында болған қайғылы жағдай туралы жазды. Әнші жақында анасынан айырылған. Соған қарамастан ол Астана және Алматыда жоспарланған концертінен бас тартпайтынын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жақында отбасымда болған қайғылы жағдайды білген боларсыздар…

Осыған байланысты жоспарланған концерттерімнен бас тартамын деп ойладым. Бірақ жақындарым мен ұстазым, Бибігүл Ахметқызының әңгімесінен кейін қаншалықты қиын болса да, концертті жоспар бойынша жасауды шештік.

Анам өмірді сүйіп өтті. Бұл қасиет маған да дарыған шығар. Анамның арманы осы концертті көру болды. Сондықтан анашымның арманын орындап, тағзым етіп, анама арнаймын", — делінген әншінің Instagram желісіндегі жазбасында.

Айтуынша, анасы оның өнер жолындағы әр қиыншылық пен қуанышты бөліскен.

"Менің ақ періштем, менің қанатым, досым, серігім, жанашырым, қолдаушым, қорғаушым! Сен мәңгі жүрегімдесің. Бұл концерт өзіңе арналады. Менің қасымда болатыныңа, қолдайтыныңа күмәнім жоқ", — дейді әнші.

Айта кетейік, Толқын Забирова өз көрерменін 17 қазанда Алматы қаласы Республика сарайында, ал 23 қазанда Астана қаласы Бейбітшілік пен Келісім сарайында күтеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз