"Дұғада болыңыздар": Назым Қызайбай жанкүйерлеріне арнап жазба жариялады

Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионатында бақ сынып жатқан Назым Қызайбай желідегі парақшасында жазба жариялап, отандастарын қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Баршаңызға сәлем! Жаттығуымыз жалғасып жатыр, жарыс басталғалы бүгін 4-күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді", — деп жазды Назым Қызайбай Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары танымал боксшыға сәттілік, жеңіс тілеп, жылы лебіздерін жазуда.

Айта кетейік, бокстан әлем біріншілігі Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Назым Қызайбай бүгін шаршы алаңға шығады.

Ол кешкі сессияда (басталуы – 22:00) өнер көрсетеді. Назымның қарсыласы – Венгрия өкілі Лила Зелецкий.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз