Тиісті платформаға хакерлер осыған дейін де шабуылдар жасаған.
10 наурыз күні Х әлеуметтік желісі ауқымды кибершабуылға ұшырады. Бұл туралы платформа иесі, миллиардер Илон Маск хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, күні бойы сервис бірнеше рет қолжетімсіз болды. Осыған дейін платформа пайдаланушылары әлем бойынша Х-тің жұмысына қатысты ақаулар туралы хабарлаған еді.
"Х-ке қарсы ауқымды кибершабуыл жасалды, ол әлі жалғасып жатыр. Бізге күн сайын хакерлер шабуыл жасайды, алайда осы жолы бұл үлкен ресурстарды қолдана отырып жүзеге асырылды. Бұл қандай да бір хакерлік топтардың үйлесімді әрекеті немесе белгілі бір мемлекет тарапынан жасалуы мүмкін. Анықтап жатырмыз", — деп жазды Маск.