Алматы тұрғындары қаладағы самокатшылардың агрессивті жүрісіне әлі де наразы. Сол жағдайлардың бірі ер адамның жас жігітке тротуарда жүргені үшін ескерту жасағанынан кейін орын алды. Жауап ретінде ол бетінен қатты соққы алып, көзінен айырылды, деп жазады Zakon.kz.
Zakon.kz тілшісі жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында тіркелген.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталды" – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау және кінәліні жауапқа тарту мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды.
Өкінішке қарай, самокатшыларға байланысты жағдайлар жиі қайталануда. Мәселен, 2 қыркүйекте Алматыда екі жасөспірім самокатпен келе жатып, арбадағы сәбиге соқтығысқан. Абырой болғанда, бала зардап шеккен жоқ.
Ал 9 қыркүйекте қала полициясы жолдардағы электросамокаттарға қатысты жағдайға есеп берді.
Масштабты рейд барысында тәулігіне самокат қолданушылар тарапынан 800-ден астам (жыл басынан бері 16 мыңнан астам) жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталған, оның ішінде:
- 489 – қозғалысқа қатысушыларға қойылатын талаптарды сақтамау (ҚР ӘҚБтК 620-бабы);
- 237 – жаяу жүргіншілер мен өзге де қатысушылар тарапынан ереже бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 615-бабы);
- 11 – ата-аналардың балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындамауы (ҚР ӘҚБтК 127-бабы);
- 47 – абаттандыру ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБтК 505-бабы);
- 23 – қоғамдық орындарды ластау (ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы).
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында заңнамалық өзгерістердің электросамокат мәселесін шеше алмағанын, қазақстандықтардың әлі де қауіпке ұшырайтынын айтқан болатын.