Қазақстанның барлық өңірі үшін тең әлеуметтік төлемдер: Еңбек министрлігі 1 желтоқсанға дейін бірыңғай стандартты әзірлейді

Жаңалықтар

Әлеуметтік төлемдер 1 желтоқсанға дейін біріздендіріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1 желтоқсанға дейін еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік төлемдерді біріздендіру тапсырылды. Бұл жөнінде үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

"Барлық өңір үшін әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеу қажет. Сонымен қатар күмәнді әрі тиімсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді алып тастау керек. Біз әлеуметтік әділеттікті сақтап, тәуелділік психологиясына қарсы әрекет етеміз", – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, үкіметтің басты міндеті – барлығына тең жағдай жасау, ал азаматтар еңбек етіп, өзін және отбасын қамтамасыз етуге ұмтылуға тиіс.


Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Парламентке үш жылдық бюджет жобасын таныстырды